• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Шымкенттіктің гаражы астынан аса ірі көлемдегі марихуана сақталған жертөле табылды

Автор:admin

Апр 12, 2024
Spread the love

Есірткі сатушыны қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері құрықтады. Оның гаражының жертөлесінде бір қап марихуана мен 200-ге жуық есірткі орамасы анықталды. Белгілі болғандай, жертөледе ер адам есірткіні өлшеп-орап, әрі қарай сату үшін сақтаған. Тәркіленген есірткі құралдарының салмағы 10 келіден асты, бұл аса ірі көлем болып табылады. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Айта кететін, нашақорлық – әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі. Есті алатын есірткі заттарына тәуелділік талай жанның тағдырын талқан еткенін тәжірибеден көріп, біліп жүрміз. Өкініштісі, нашаға әуестенген бір адамның зауалы бүкіл отбасына, жақындарына теріс әсер етеді.
Есірткі заттарын әуелі қызығушылық үшін қолданатындар көп. Бұған ғаламтордағы ақпараттың ашықтығы, топтық психология, еліктеушіліктің ықпалы орасан зор. Білместікпен, әрі «дәмін көрейін» деген әуестікпен жаңа дүниені тұтынғандардың тәуелділікке бірте-бірте таңылуы оп-оңай. Алайда, олар бұл қызығушылықтың салдарын ойлай бермейді. Шындығында есірткіні үнемі, тұрақты түрде қолдану көп қаржыны қажет етеді. Қолында қаражаты жоқтардың алдымен өз отбасындағы жарамды, құнды заттарды саудалап, кейіннен қылмысқа баруы жиі кездеседі. Яғни, бір қылмыс екінші қылмысты тудырады.
Қылмыстық кодексте есірткі заттарын қолданып, сатып, тасымалдаушыларға жаза ауыр. Бірақ солай екен деп есірткіден бас тартып жатқандар көп дей алмаймыз. Есірткі заттарын тасымалдап, жеткізіп берген жастар «ешкімге зиянымыз жоқ, нашақорлар бәрібір өзіне керегін тауып алады, ендеше неге жазалануымыз керек» деп қате ойлайды. Жалпы, заңды білмеу жазадан құтқармайды.
Осыған орай, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде нашаны тұтынудың ғана емес, есірткі заттарын тасымалдап, сатып, сақтаудың да соңы жауаптылыққа соқтыратынын үнемі түсіндіріп, ескертіп отыру маңызды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика