• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ «QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА 8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Автор:admin

Ноя 5, 2024
Spread the love

«Qamqor» тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға 8 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның 5 млрд теңгесін Шымкент қалалық әкімдігі, ал 3 млрд теңгесін Отбасы банк қарастырып отыр. Жалпы 400 азаматты баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.
Отбасы банк жаңа тұрғын үй бағдарламасына өтінімдерді қабылдап, арнайы ұпайлар жүйесін пайдаланып, әлеуетті қарыз алушылардың тізімін қалыптастырады. Бұл процесс толығымен автоматтандырылған түрде «Баспана маркет» порталы арқылы (https://otbasybank.kz/) жүзеге асырылады. Бағдарламаның цифрландырылуы деректерді тексеру барысында адами фактордың араласуын болдырмай, ұпай санау уақытын айтарлықтай қысқартады.
Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлердің Отбасы банкінде шоты болуы немесе банк клиенті ретінде тіркелуі қажет. Жеңілдетілген несиеге үміткерлер пулына ең көп ұпай жинаған азаматтар енеді. Ұпайлар жүйесіне жасы, некеде тұрған уақыты, балаларының саны, жұмыс өтілі, Шымкентте тіркелу ұзақтығы, тұрғын үй кезегінде тұру мәртебесі және Отбасы банкіндегі депозит жинақтарының көлемі (кемінде 500 мың теңге) әсер етеді.
Бұдан бөлек жыл басынан бері 200 млн теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша ағымдағы жылдың 22 қаңтарынан бастап азаматтардан құжаттар қабылданып, 218 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілген болатын. Қалалық тұрғын үй басқармасының мәліметінше, бұл қолдауды 1,2 топ мүгедектігі бар азамат, 16 толық емес отбасы, ерекше бала асыраушы 49 отбасы, бюджеттік мекемелердің 40 қызметкері, 30 көпбалалы отбасы, 7 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар иеленді.
Алөткен жылы жылы қайтарымсыз негізде 148 отбасы тұрғын үй сертифаттары арқылы ипотекалық баспанаға қол жеткізген болатын.
Сондай-ақ биыл қалада 2537 отбасының тұрғын үйдің жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидиялануда. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған І және ІІ топ мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балаларды асыраушы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар санатындағы азаматтар қатысады.
Төлем тәртібі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіліп, субсидия алушылардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Былтыр, мәселен, тексеруден кейін 500-ге жуық азаматтың тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиясы тоқтатылды.
Жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз 900 жалдамалы пәтер берілмек. 2274 пәтер кезекте тұрған азаматтарға арналған жеңілдетілген «2-10-20», «5-10-20» бағдарламалары бойынша жыл соңына дейін беру жоспарлануда. 2024 жылға өтпелі болған 244 пәтер несиелік негізде «Отбасы банк» арқылы беріледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика