Қазақстан полициясы күніне орай қаланың үш мектебінде кадет сыныптары ашылды. Оларға қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полицейлер Нұраш Байтіленов, Нұржан Шойынбаев және Тайыр Шералиевтің есімдері берілді. №90, 89 және 135 мектептердің 75 оқушысы салтанатты түрде ант қабылдап, кадет атанды.
Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Айдын Каримов пен полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Думан Таев қатысты.
Олар кадеттерді құттықтап, алдағы уақытта құқықтық тәртіпті сақтауда еліміздің лайықты азаматтары болатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларын білімді табандылықпен игеруге және өздерінде адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді қалыптастыруға шақырды.
Айта кетейік, қала мектептерінде кадет сыныптарын ашу оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесіне ықпал етеді.
Әскери– патриоттық тәрбие – мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және ұйымдардың жастарда жоғары патриоттық түйсікті өз Отанына шын берілу, өзінің азаматтық парызын орындауға дайын болуды құруға бағытталған көп жоспарлы, жүйелі, мақсаты іс – әрекет.
Әскери – патриоттық тәрбиенің мақсаты – жастарда азаматтылық патриоттылықты дамыту. Оларда өмірдің әр саласында керекті белсенді көрінулерді құру.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі негізгі міндеттерді орындау талабы орын алады:
— жастардың санасында және сезімінде патриоттық құндылықтарды, көзқарасын және сенімдерін, Қазақстанның мәдени және тарихи өткеніне ілтипат мемлекеттік, әсіресе әскери қызметтік деңгейін келтіруді бекіту;
— жастарда Отанға шын берілудің дамуын қамтамасыз ететін тиімді, жеке әскері – патриотың жүйе қүру;
— әскери – қызметтік тєрбие жұйесініњ түтас қызмет ету єсерін қамтамасыз ететін оныњ ішінде ЌР Ќарулы күштер қатарында қызмет етіп жатқандарда қамтамасыз ететін механизм қүру.
Әскери-патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаттары жастарды өз отанының адал патриоты болуға тәрбиелеу . Бүгінгі жастар отанымыздың келешегі, сондықтан олармен санасу, пікірін тыңдау қоғамға белсене араласуына көмектесуіміз қажет болып саналады.
Әскери патриоттық тәпбиенің негізгі алатын қоғамдағы ролі ерекше болып саналады.
Жастарды өзінің еліне деген сүйініспеншілікке тәрбиелеу, патриоттық тұрғыда ерекше болып саналуы мүмкін.
Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты мен міндеттері қоғамыздағы өзгерістердің барлығына жастардың араласуына бірдей ықпал жасау, оған негізінде мектеп жасынан отанға деген сүйінспеншіліктерін артыруы қажет ол дегеніңіз патриоттық тәрбие негізін түсіндіру болып табылыды.
Жастардың патриот деген сөзге мағанасын нақты түсіндіру үшін оларға жиі ардагерлермен кездесу өткізу әртүрлі патриоттық тұрғыда жарыстар өткізу қоғаммен тікелей байланыстыру біздің мақсатымыз болуы тиіс.