• Ср. Мар 19th, 2025
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ №5 ЖАҢА АВТОБУС БАҒЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Автор:admin

Мар 18, 2025
Spread the love

Бүгіннен бастап Шымкентте жаңа №5 автобус маршруты бағытқа шықты. Бұл жұмыстар қоғамдық көліктер қызметінің аясын кеңейту мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Аталған маршрут Құрсай шағынауданынан Республика даңғылына дейінгі аралықта жолаушыларды тасымалдайтын болады. Әзірге маршрут 4 кестемен 15 минуттык аралық жиілігімен қызмет көрсетеді және қажеттілікке қарай автобустар санын арттыру жоспарлануда.

Айта кетейік, бұл маршрут 2 ай бойы пилоттық режимде жұмыс істейді. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 81 тұрақты маршрут бойынша 980 автобус жолаушыларды тасымалдап, қызмет көрсетуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика