Былтыр Шымкентте қауіп-қатерлі аурулардың алдын алу мақсатында МӘМС есебінен 1 миллионнан астам профилактикалық тексеру қызметтері көрсетілді. Оның ішінде скринингтік тексерулерге ерекше көңіл бөлінген.
Денсаулық сақтау саласындағы медициналық тексеру, вакцина салу және тәуекел факторларын анықтау сынды өзекті мәселелер қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен өткен алқа отырысында кеңінен талқыланды.
Жиында сала басшылығы тарапынан 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыс қорытындылары, вакцинамен басқарылатын инфекциялардың эпидемиологиялық ахуалы және науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы баяндалды.
“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек алқалы жиында сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесімен қамту барысымен таныстырды.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша халық саны 1 миллион 229 мың адамды құрайды. Тұрғындардың 80 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. 225 мың адам сақтандырылмаған. Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеуді жалғастыруда. Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлеуден босатылған тұрғындар саны 720 735. Жалпы, халық санының 58,7 пайызын құрайды.
Жұқпа жұқтырмау үшін жеке гигиена ережелерін сақтау, қоғамдық орындар мен дәретханаларға барғаннан кейін қолыңызды жуу, тамақтанар алдында жемістерді жуу қажет. Демалу кезінде жалаң аяқ жүру ұсынылмайды. Жағажайларда төсеніштер мен жантайма төсек пайдалану керек. Қоғамдық орындарға, қоғамдық көліктерге барғаннан кейін және тамақ ішер алдында қолды мұқият жуу керек. Жүзу хауыздарына суға түскен кезде ауыз қуысына су кетуінен сақтаныңыз. Масалар, кенелер, бүргелер, шіркейлер және басқа да қан соратын жәндіктер денсаулыққа үлкен қауіп төндіретін жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғышы ретінде қызмет етеді.