• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Автор:admin

Июн 20, 2023
Spread the love

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығы мен М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХXІI сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған міндеттер аясында оқушы және студент-жастарды тәрбиелеудің өзекті мәселелері мен шешімдері: ғылыми қауымдастықтың рөлі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді, деп хабарлайды R-FACTOR.KZ.
Аталған семинардың мақсаты — Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХXІI сессиясында алға қойылған міндеттердің аясында оқушылар мен студент жастарды тәрбиелеудің өзекті мәселелерін ғылыми талқылау. Кездесуге ғалымдар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары, жалпы орта білім беру ұйымдарының қызметкерлері, сарапшылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері т.б. қатысты. Басқосуда «Дустлик» Қазақстан Республикасы өзбектері этномәдени қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының төрағасы И.Хашимжанов, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ-нің басшысы Е.Байқонақов, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті “Тарих және этнология” орталығының басшысы Ш.Торғауытова сөз сөйледі. Айта кетейік, Шымкент қаласында этносаралық келісімді сақтау мен нығайту, этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу бойынша №105 жалпы орта мектебінде «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында тұрғындарды қабылдау өтті. Әртүрлі сала мамандары мен құқық қорғау органдарынан жасақталған топтар тұрғындар арасында «Этносаралық келісім», «Әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу», «Халықтың денсаулығы», «Халыққа білім беру», «Бизнес ортаны дамыту», «Конфессияаралық келісім», «Заңдылық, тәртіп және қауіпсіздік» сынды 7 бағыт бойынша қабылдаулар жүргізді. Жоба аясында азаматтарды қабылдап, олардың өтініштерін тыңдап, шешу жолдарын тиісті мемлекеттік органдармен бірге қарастыратын болады. Қабылдауға келген 42 азаматтың басым көпшілігі әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, жер, жол, инфрақұрылым мәселелері бойынша талап тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, қабылдауға келген азаматтарға әртүрлі сала мамандары жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жұмыс күші тапшы өңірлерге берілетін квоталар туралы кеңінен ақпараттар берілді. Жоба аясында келесі қабылдау Абай ауданының Қызылжар шағын ауданында жалғасын табатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика