• Пн. Июн 16th, 2025
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ШЫҒАРЫЛҒАН: КӨРМЕДЕ ҮЗДІК ТАУАРЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Июн 13, 2025
Spread the love
Бүгін «Қазақстанның үздік тауары – 2025» өңірлік байқау-көрмесі мен «Бір ауыл – бір өнім» жобасының көрмесі ұйымдастырылды. Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков көрмені аралап, азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс индустриясындағы 100-ден астам компания мен тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты. Олардың арасында халыққа етене таныс «Сайрам-нан», «Фиркан», «Бал текстиль», «Экофарм», «Карлскрона» және басқа да ірі компаниялармен қатар жаңа кәсіпкерлік нысандар да бар.
Іс-шара аясында «Қазақстанның үздік тауары – 2025» өңірлік байқауының жеңімпаздары арнайы марапатталды. Жеңімпаздар Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары-2025» республикалық байқауына қатысады. Тәуелсіз сарапшы-аудиторлар, бизнес-қауымдастықтар, салалық қоғамдық бірлестіктер және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған сараптамалық комиссия үш номинация бойынша конкурс дипломанттарын іріктейтін болады. Олар «Халық тұтынатын үздік тауарлар»,«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»,«Үздік азық-түлік тауарлары» бойынша марапатталады.
Ал «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында үздік деп танылған кәсіпкерлерге 5 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік грант қаржысын иеленуге мүмкіндік беріледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика