• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Шымкентте шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 35 тұлға жауапқа тартылды

Автор:admin

Май 20, 2024
Spread the love

Құқық бұзушыларды полицейлер «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.
Қала аумағында заңсыз еңбек көші-қонын болдырмау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Көші-қон полициясының қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын барлық құрылыс объектілерін, заңды тұлғалар мен кәсіпорындарды аралап, тексеруде.
Аталған жұмыстар барысында көші-қон қызметі басқармасымен Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 264 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктерді заңсыз тұрғынжаймен қамтамасыз еткен 117 азамат жауапқа тартылды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 35 жұмыс берушіге әкімшілік айыппұл салынды.
54 шетелдік ел аумағынан аластатылды.
Көрсетілген бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Осы орайда, полицейлер азаматтарды көші-қон саласындағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырады және оны бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады.
Еске сала кетейік, қала аумағында заңсыз еңбек көші-қонын болдырмау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүріп жатыр. Көші-қон полициясының қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын барлық құрылыс объектілерін, заңды тұлғалар мен кәсіпорындарды аралап тексеруде.
Айта кетерлігі, ішкі көші-қонда да еңбек ұтқырлығындағы белсенділіктің өсуі байқалады. Ел шегінде қоныс аударушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға өсті. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ішкі көші-қонға 733 мың адам қатысты. Оның ішінде, облыстар арасында 338 мың адам қоныс аударған. Мегаполистер ішкі мигранттарды тарту орталықтары болып қала береді.
2023 жылы қаңтар-қыркүйек айы аралығында 733 мың қазақстандық ел ішінде көшіп қонған. Оның ішінде 338 мыңы облысаралық қоныс аударды. Көбісі мегополис қалаларға көшкен, яғни Астанаға – 74 мың, Алматыға – 67 мың және Шымкентке – 30 мың адам тұрақты тұруға келген.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика