• Сб. Фев 22nd, 2025
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА

Автор:admin

Фев 20, 2025
Spread the love

Шымкент қаласында елді мекендер мен шағынаудандарды сапалы интернетпен қамту, мобильді байланыс желісінің сапасын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл жоспарға сай бірқатар елді мекен тұрғындары талшықты оптика желісімен қамтылады.
Бүгінде Тұран ауданының Жаңаталап елді мекенінде 120-дан астам үй талшықты оптика желісіне қосылды. 2000-ға жуық үйге интернет желісіне қосылуға техникалық мүмкіндік жасалынды. Бұл жұмыстарға жауапты жеке инвестор – «СпецАвтоматикаСервис» компаниясы. Ал, Еңбекші ауданының Өтеміс елді мекенінде 150-ден астам үйге техникалық мүмкіндік жасалынып, 60-тан астам үй талшықты оптика желісімен қамтамасыз етілді. Аталған аумақта «Транстелеком» компаниясы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.
Жоспар бойынша «СпецАвтоматикаСервис», «Транстелеком», «Beeline», «I-Link net» компаниялары тарапынан, биыл жалпы 18 елді мекенге кең жолақты оптика желісі тартылады. Шалғайдағы елді мекендерді сапалы интернетке қосу үшін жеке инвесторлармен меморандум түзілген. Сондай-ақ, шаһарда байланыс сапасы төмен нүктелерге базалық станция орнату жұмыстары жүзеге асырылуда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика