• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Автор:admin

Июл 22, 2024
Spread the love

Өтінімдер 2024 жылдың 1 тамызында сағат 9:00-ден бастап қабылданады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Тұрғын үй сертификаты – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттарына сәйкес, тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін көмек. Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде беріледі.
Талаптарға сәйкес, өтініш беруші мен бірге тұратын отбасының әрбір мүшесінде айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен, соңғы 6 айда орташа табысы 134 562 теңгеден аспауы тиіс. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.
Айта кетейік, өтініштер «http://xn--ezekte-2pf.kz/» интернет ресурсы арқылы қабылданады. Өтінім жіберу үшін азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.
Сонымен қатар, қазіргі таңда тұрғын үй саласына қатысты мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылған. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» республика бойынша kezekte.kz электрондық порталы арқылы іске асырылады. Порталдағы кезектілік ашық түрде жүргізіледі. Кезекте тұрған, тұрғын үймен қамтылған азаматтар туралы, кезектің жылжу реттілігі, сондай-ақ ашық бюджет ақпараттары кез-келген қызмет алушыға қолжетімді.
Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай кезектегі азаматтарға, соның ішінде тұрғын үй кезегі келген 449 пәтер халықтың әлеуметтік осал тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін болады. Жалпы, шымкент қаласында баспана мәселесі кезең-кезеңімен жоспарлы түрде іске оңтайлы шешіліп келеді. Бұдан бөлек жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз 900 жалдамалы пәтер берілмек.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика