• Сб. Фев 22nd, 2025
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Автор:admin

Фев 22, 2025
Spread the love
Бүгін Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кең ауқымды сенбілік өтті. Бұл шара қаланы көгалдандыру, тазарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Аталмыш экологиялық шараға аудан әкімдіктері жетекшілік жасады. Сенбіліктерге қаланың белсенді азаматтары, ардагерлер, түрлі ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері, студенттер, жастар ұйымдары және қарапайым тұрғындар қатысты.

Мәселен, Әл-Фараби ауданының тұрғындары Қошқар ата өзені бойын Ордабасы алаңынан бастап, Республика даңғылына дейін тазартты. Әл-Фараби ауданындағы бұл сенбілікке 300-ге жуық адам мен 21 арнайы техника қатысып, 9300 метрден астам аяқ жолдар мен ойын алаңшалары таза әрі ыңғайлы күйге келтірілді.
Жалпы алғанда, аудандағы сенбілік кезінде 40 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды.
Ал, Қаратау ауданы бойынша сенбілікке 2000-ға жуық адам мен 28 арнайы техника жұмылдырылды.
Сенбілік барысында 2600 метр ирригациялық лотоктар, бордюрлар, 5800 метр аяқ жолдар, көп қабатты үйлердің ауласы, кәсіпкерлік нысандардың, мектептер мен балабақшалардың аумақтары тазаланды.
Жалпы сенбілік барысында 120 текше метр қоқыс қалдықтары шығарылды.
Сондай-ақ, Еңбекші ауданында өткен сенбілікке әкімшілік қызметкерлері, «Мұрагер» ардагерлер қоғамдық бірлестігінің ардагерлері, мердігер компаниялар мен коммуналдық мекемелердің қызметкерлер, барлығы 536 адам қатысты. Олар 20 арнайы текниканың көмегімен 75 текше метр қоқыс шығарды. Атап айтқанда, Н.Төреқұлов көшесінің бойын және «Шымкент» каналының жағалауын тазалап, ағаштарды қырқып, қоқыс пен ағаш бұталарын жинады.
Мұнан бөлек Тұран ауданында өткен сенбілікке 500 адам қатысып, 240 тонна қоқыс шығарса, Абай ауданындағы тазалық іс-шараларына 300-ден астам адам қатысып, 35 тоннадай қоқыс пен қалдықтарды тазалаған.
Айта кетейік, Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбіліктер тұрақты түрде жалғасады деп жоспарланған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика