• Вс. Мар 16th, 2025 10:30:50 PM
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Автор:admin

Мар 15, 2025
Spread the love

Қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осы орайда, Шымкент қаласының белсенді жастары табиғатты аялауға арналған игі бастаманы қолдап, “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды. Қала тазалығына жанашыр 200-ден астам жас сенбілікке белсене атсалысып, көшелерді күл-қоқыстан тазартуға өз үлестерін қосты.

Ауқымды шара барысында арнайы бекітілген аумақ – Желтоқсан көшесінің бойындағы арық-атыздар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын жастардың бұл бастамасы қала тұрғындарына экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын көрсетті.

Шымкент – таза қала! Қоғамдық орындар мен табиғи орта тазалығы – біздің ортақ жауапкершілігіміз. Осындай сенбіліктер қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға ғана емес, жастардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыруға да ықпал етеді. Бұл игі шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

Автор: admin

Leave a reply

  • Default Comments (0)
  • Facebook Comments

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика