• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ САПАСЫЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН 2 ЕМХАНА МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Автор:admin

Сен 3, 2024
Spread the love

Сенімгерлікке берілген №13 қалалық емхана мен №2 қалалық емхана мемлекетке қайтарылды. 45 мыңнан аса адам тіркелген медициналық мекемелер 2021 жылы жеке кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға берілген. Келісім шартқа сәйкес материалдық база жаңартылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс болған, алайда, міндеттемелер толық орындалмаған. Сапалы медициналық қызмет көрсетілмегендіктен, емхана жұмысына науқастар да жиі шағымданған. Сондықтан осындай шешімдер қабылданып, емханалар мемлекетке қайтарылды. №13 қалалық емхана аккредиттеуден өтіп, қазір қажетті жаңа жабдықтар бюджет есебінен сатып алынды.
Сонымен қатар биыл Жыланбұзған елді мекенінде дәрігерлік амбулатория ашылды. Жалпы, қаладағы медициналық ұйымдардың 2023 жылмен салыстырғанда дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі 3 есеге өсіп отыр.
Шымкент қаласының тұрғындарына 58 бастапқы медициналық-санитарлық ұйымдар көмек көрсетеді, оның ішінде 14 мемлекеттік емхана (606 мың адам) және 44 жеке емханалар (620 мың адам).
2023 жылы 3 жаңа емхана ашылып, 26 мың залық тіркелсе, 2024 жылы 6 жаңа емхана ашылып, 27 мың халық тіркелген.
Қоса кететін, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» Қорының Шымкент қаласы бойынша филиалы мен қаладағы барлық емханалар арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын.
Тараптар келісімді іске асыру барысында медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын және пациенттермен кері байланысты арттыруды, МӘМС жүйесін жетілдіру мен халықты ақпараттандыруды көздейді.
Бүгінгі таңда Шымкентте 58 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесі қызмет көрсетеді. Оның 13-і мемлекеттік медициналық ұйым. Емханаларға тіркелген халық саны 1 226 561 адамды құрайды.
Емханалық деңгейде консультациялық –диагностикалық қызметтер мен бейінді мамандарға көріну және дәрі-дәрмектермен қамту сынды медициналық қызметтің ауқымы да едәуір кеңейген.
Шымкенттіктердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылу қарқыны артуда. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 927 579 азамат, яғни халықтың 82,1 пайызы сақтандырылған. Оның ішінде жеңілдік санатындағы 725 мыңнан астам адамның жарнасын мемлекет төлеуде. Сақтандырылмаған азаматтар саны 220 731.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика