Шымкентте салмағы алты келіден асатын, бойы 63 сантиметр алып сәби дүниеге келді. Дәрігерлер кесір тілігін жасамай, анасын табиғи жолмен босандырып алды. Сәби мен анасының денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ дейді дәрігерлер.
Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентхана бөліміне 3-қазан күні қала тұрғыны Жандарбекова Альмира келіп түскен. Дәрігерлер келіншекті бақылауға алып, перзентханада толғағы келгенін күткен. Нәтижесінде 4-ші қазан күні өз толғағымен, сағат 13:50-де 6 келі 500 грамм сәби дүниеге келді.
Жандарбекова Альмираның бұл алтыншы жүктілігі. Туыстары нәрестеге Тауекел деген есім берген.
Қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Жағдайлары жақсы дейді аурухана дәрігерлері.
2024 жылғы 1 тамызға қала халқының саны 1241,8 мың адамды құрады.
Халықтың табиғи өсімі 2024 жылғы қаңтар-шілдеде 14269 адамды құрады (өткен жылғы сәйкес кезеңде 14519 адам).
2024 жылғы қаңтар-шілдеде туылғандар саны 17181 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-шілдеге сәйкес 1,3% көбейді), қайтыс болғандар саны 2912 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-шілдеге сәйкес 1% көбейді).
Оң көші-қонның айырмасы қалыптасты және 5474 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-шілдеде 1558 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда – 359 адам оң көші-қон айырмасы (303), ішкі көші қонда оң көші-қонның айырмасы – 5115 адам (1255).
Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың көші-қоны саласындағы саясат түбегейлі қайта қаралған болатын. Алдағы бес жылға (2023-2027 жылдар) арналған жаңа тұжырымдама қабылданды. Осы Тұжырымдама шеңберінде қысқа, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған оқиғалардың даму сценарийлерін ескере отырып, экономиканың қажетті жұмыс күшіне қажеттілігін қамтамасыз ету бөлігінде негізгі стратегиялық мақсаттар айқындалған. Соның нәтижесінде елдің солтүстік және оңтүстік өңірлері арасындағы демографиялық және еңбек теңгерімсіздігі тегістеледі деп күтіледі.