• Сб. Окт 24th, 2026
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Автор:admin

Окт 24, 2026

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай «Терең тарихтан – жарқын болашаққа» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтуде.

Еліміздің әр өңірінен жиналған 64 команда қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада бақ сынап, білімдері мен шешендік шеберліктерін көрсетуде.

Турнир аясында АПФ форматы бойынша төрт іріктеу ойыны өтсе, ЛД форматында қатысушылар 1/8, 1/4 және 1/2 финалдық кезеңдерде өзара мықтыны анықтайды.

Зияткерлік дода жастардың сыни ойлау қабілетін дамытып, өз көзқарасын дәлелді жеткізуге, қарсы тараптың пікірін саралауға және шешендік өнерін шыңдауға мүмкіндік береді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика