• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Шымкентте полицейлер мектеп оқушыларымен профилактикалық жиын өткізді

Автор:admin

Ноя 5, 2024
Spread the love

Бүгін Қаратау ауданы полиция басқармасының бастығы Қуаныш Жұмағұл №72 мектептің оқушыларымен кездесті.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы заң бұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды. Кездесуге 200-ге жуық оқушы жиналды. Полиция полковнигі балаларға заң бұзушылықтың жасағаны үшін қарастырылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер туралы түсіндірді.
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар балалар жатады.
Адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттермен, әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік беру, жақсылықты сезініп, бағалай білуге үйрету, қоршаған ортаға, адамдарға мейірімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын, студент-жастарды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, сыпайылыққа, қайырымдылыққа, қамқоршы болуға баулу тақырыбы қаралды. Сонымен қатар жасөспірім балаларға темекі, спирттік ішімдік зиянды заттарды сатуға болмайтынын, тәрбие отбасыдан басталатынын, студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы әңгіме жүргізілді.
Сонымен қатар жасөспірімдерге “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында қоғамдық бейнеролик көрсетілді. Полицейлер оқушыларды тәртіпке, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға, спортпен шұғылдануға шақырды. Жасөспірімдер қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.
Шара соңында ұстаздар полиция қызметкерлеріне оқушыларға құқықтық ақпарат бергені үшін алғыс білдірді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика