Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері 6506 әскери бөлімінің жеке құрам арасында интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Азаматтардың әлеуметтік желілердегі онлайн сауда мен танымал сайттар арқылы алаяқтық құрбаны болу көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, қылмыскерлер онлайн-қарыз алу жолымен және банк карталарынан ақша жымқырады. Алаяқтар көбінесе, құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайды.
Уақыт өткен сайын алаяқтардың ақша жымқыру әдісі күрделеніп барады. Алайда көп жағдайда алаяқтардың қасақана ойын іске асыруына азаматтардың өзі де кінәлі. Өйткені олар алаяқтардың жаңа әдістерін білмейді. Интернеттегі жарнамаға сеніп, оңай олжаға кенелемін деп, опық жеп қалады.
Бас прокуратура осындай қылмыстарды азайту үшін цифрлық технологияларды енгізуді, қолданыстағы нормативтік құжаттарды жетілдіруді, ІТ-бағдарламалар мен қосымшаларды әзірлеуді көздейтін арнайы Жол картасын әзірледі.
Алаяқтардың құрбаны болған адамдардың оқиғалары және интернет-алаяқтар туралы фактілер БАҚ-та жарияланып тұрады.
Бұған дейін Жол картасын жүзеге асыру аясында БАҚ-да 2 мыңнан астам ақпараттық материал жарияланды. Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының да, оның аумақтық бөлімшелерінде штат саны көбейді. Онлайн несие алу тәртібін қатаңдату мақсатында биометрика және ЭЦҚ қолдану міндетті болды.
Аталған жиында қазіргі таңда белең алып бара жатқан интернет-алаяқтарынан сақтану кеңестері, сондай-ақ оның көбеюіне себепкер болған факторлары және де интернет-алаяқтық қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде де атап өтілді., деп хабарлайды R-FACTOR.KZ ақпарат агенттігі.