• Вт. Июн 17th, 2025
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШКЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

Автор:admin

Май 2, 2025
Spread the love

ҚР Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратында 2025 жылғы 28 сәуірден бастап 30 маусымға дейін «Мәңгілік тағзым» атты патриоттық акциясы бастау алды. Аталған шара Ұлы Отан соғысының қаһармандары мен қызметтік міндетін өтеу кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерлігін мәңгі есте қалдыру, қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеу, қызметтік борыш пен тарихқа деген құрметті арттыру мақсатында өткізілуде.

Осыған орай, Шымкент қаласы Полиция департаментінде орналасқан ескерткішке гүл қою рәсімі өтті. Гүл шоқтарын қоюға әр бөліністен үздік қызметкерлер қатысты. Олар бір минут үнсіздікпен бейбіт аспан үшін өз өмірін қиған батырларды еске алды. Іс-шара ресми тәртіпте, нысанды киіммен, саппен, қысқаша түсіндірме сөзбен өткізілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика