• Пн. Авг 4th, 2025
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Автор:admin

Авг 4, 2025
Spread the love

Шымкент қаласында «Құқық қорғау және татуласу орталығында» Медиация күніне арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орайластырылып, қала тұрғындарына медиацияның маңызын кеңінен түсіндіруді мақсат етті.
Ашық есік күнін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесі өткізді. Іс-шараға этномедиация кеңесінің мүшелері, кәсіби медиаторлар мен заңгерлер қатысып, тұрғындарға құқықтық және медиативтік кеңес берді.
Ашық есік күнін өткізудің мақсаты – қоғамда медиация мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және дауларды сотқа жеткізбей, тиімді әрі бейбіт жолмен шешу жолдарын насихаттау болды. Ашық есік күні аясында тұрғындар отбасылық, еңбек, мүліктік және этносаралық мәселелер бойынша тегін кеңес алып, өз құқықтарын қорғау мүмкіндігіне ие болды.
— Жыл басынан бері Медиация кеңесі этнос өкілдері тығыз орналасқан шағынаудандар мен жоғары оқу орындарында ақпараттық-түсіндіру кездесулерін тұрақты өткізіп келеді. Бұл кездесулерде азаматтарға медиация рәсімдерінің құқықтық негіздері, татуласу әдістері және этносаралық дауларды шешу жолдары жан-жақты түсіндіріледі, — деді Шымкент қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева.
Сонымен қатар, кеңес құрамындағы медиаторлар этномедиацияның қоғамдағы орны мен маңызын ерекше атап өтті. Олар бұл үдерістің бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне тоқталып, медиацияның этносаралық қатынастарды реттеуде тиімді құрал екендігін жеткізді.
Қоғамдық келісім баспасөз қызметі
#ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #Этномедиация #Ethnomediation #DialogueforHarmony2025

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика