• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИАТОРЛАР «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІН ӨТКІЗДІ

Автор:admin

Авг 4, 2023
Spread the love

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Достық» үйі ғимаратында «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинетінің «Ашық есік» күні республикалық акциясы» аясында еліміздің үшінші мегаполис
аумағындағы медиация орталықтарының кәсіби медиаторлары өзекті мәселелер бойынша тұрғындарды қабылдап, кеңестер берді.
​Қабылдауға арнайы келген жиырмадан астам қала тұрғыны мұрагерлік, қарыз ақшаны қайтару, ажырасу және басқа да даулы жайттарды қолданыстағы заң аясында шешуге қатысты құнды кеңестер алып, медиацияның тиімді әрі пайдалы тұстары туралы ақпараттармен танысты.
Өз кезегінде қабылдауға келген азаматтарды «Еуразиялық медиация орталығының» жетекшісі, Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Л.Ақшегірова, «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің кәсіби медиаторы К.Тегенова, «Право» қоғамдық қорының қызметкері, кәсіби медиатор Д.Байсерикова тыңдады. Көтерілген мәселелер бойынша кеңестер беріп, тараптардың қалауына қатысты медиативтік келісім жасауға дайын екендігін жеткізді.
Шараның басты мақсаты қаламызда медиация қызметі саласын дамытудың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру, медиация институтының шиеленістерді және дауларды шешудің әдісі ретінде насихттау, медиаторлардың жергілікті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ, азаматтық институттармен өзара іс-әрекеттерінің дамуына қолдау көрсету, тұрғындарға облыстағы медиация орталықтарының және Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің жұмыстарын хабардар ету.
Акция аясында судьялар мен кәсіби медиаторлар қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарға құқықтық кеңес берді.
Медиаторлар көбінесе некедегі отбасылық дауларды қарастырады. Сот медиациясы тараптардың татуласуымен аяқталады. Себебі отбасылық жанжалда екі жақ жеке қатынастармен байланысты. Медиацияның негізгі міндеттері әр тараптарды тыңдайды, келіссөздер үрдісін ұйымдастырады. Сонымен қатар екі жақ тарапты заң жүзінде татуластырудың жолын іздейді. Өңірімзде бұл үрдіс қарқын алып атқарылуда.Аналар кеңесі, заңгерлер мен арнайы ұйымдар жұмыс істейді. Медиатордан кеңес алу үшін қала тұрғыны келді. Екі баланың анасы аты-жөнін айтпауын өтінді. Ашық есік күніне тұрғындар түрлі сұрақтармен келді. Еңбек шарт міндеттемелер саласында, әлеуметтік жәрдем, әкімшілік, азаматтық кодекс тұрғысында мәселелер айтылды. Әр келіп түскен арыз медиаторлармен қарастырылатын болады.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 211 кәсіби, 70 қоғамдық медиатор есепке алынған. Жыл басынан бері медаиорлар түрлі деңгейдегі 2 мыңға жуық істі қарап, тараптарды ортақ келісімге келтіру бағытында жұмыс істеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика