2024 жылы Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті кәсіпкерлік саласындағы бірқатар заң бұзушылықтарды анықтап, қатаң шаралар қабылдады. Тексеру жұмыстары прокуратурамен бірлесіп жүргізіліп, департамент үш тергеп-тексеру ісін аяқтады. Бұл туралы бүгін Қосбаев Ернар Тұрдалыұлы — Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы баянадады.
Ең ірі заң бұзушылықтардың бірі «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның әрекеттерімен байланысты болды. Тексеру нәтижесінде компанияның Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабын бұзғаны анықталды. Мәні бірдей келісімдерге әртүрлі шарттар қолданып, корпорация өзінің нарықтағы үстемдігін теріс пайдаланғаны үшін 104,7 млн теңге айыппұл салынып, бюджетке өндірілген.
Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы да назардан тыс қалмады. Бұл басқарма сұйытылған мұнай газын бөлу кезінде бәсекелестікке қарсы әрекеттері үшін 300
айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген.
Бұл шаралар Шымкент қаласында адал бәсекелестік ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.
2024 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 401865,4 млн. теңгені немесе 2023 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 112,1% құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 29107 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегімен салыстырғанда 3,4% көбейді, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері барлар 28691 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 23030 бірлікті, оның ішінде шағын кәсіпорындар 22622 бірлік құрады. Қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар (заңды тұлғалар) саны 26737 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,7% артты.