• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 14 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Автор:admin

Сен 4, 2024
Spread the love

2024 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 324.7 млрд теңге тартылды. Көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артты. Жыл соңына дейін 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткішті былтырғы жылмен салыстырғанда 28,1%-ға арттыру күтілуде. Жалпы алдағы 3 жылда 3,6 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Мәселен, 2024 жылы – 928,7 млрд теңге, 2025 жылы – 1 194,8 млрд теңге, 2026 жылы – 1 493,5 млрд теңге.
Сонымен қатар, 2024-2028 жылдары жүзеге асырылатын жалпы құны 2,7 трлн теңгені құрайтын 29,4 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен 220 инвестициялық жобаның пулы жасақталған.Биыл жалпы құны 261,8 млрд теңгені құрайтын, 6336 жаңа жұмыс орнын құрумен 64 жобаның іске асырылуы жоспарлануда.
Сондай-ақ, қала аумағында жалпы аумағы 1 307 га құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Аймақтарда, бүгінгі таңға 230 млрд теңгені құрайтын 8 мың жаңа жұмыс орнымен 289 жоба іске асырылды. Индустриялық аймақтарда инвесторларға ұзақ уақытқа жалға алу негізінде инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері ұсынылады. Кәсіпорындар коммуналдық қызметтерге төмендетілген тарифтерді пайдаланады және арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылған.
Инвестиция тарту мақсатында қалада жалпы аумағы 1 660 га құрайтын логистикалық хаб құру мақсатында сауда-логистикалық орталығын қосымша 136 гектарға ұлғайту, ауыр металлургия саласындағы жобаларды іске асыруға «Темір» индустриялық аймағы (1076 га), жеңіл өнеркәсіп саласын одан әрі дамыту мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын 175 гектарға ұлғайту және дайын өндірістік алаңдар құру мақсатында 118 га аумаққа «Стандарт» жеке индустриялық аймақтары құрылуда. Аталған аймақтарда инвестиция көлемі 1,5 трлн теңгені құрайтын 330 жоба 15 мың жұмыс орнын құрумен іске асырылатын болады. Бүгінгі таңда сауда-логистикалық аймағын кеңейту бойынша инженерлік инфрақұрылым құрылысы басталып, 2025 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр. Ал, «Стандарт» жеке индустриялық аймағында шағын және орта кәсіпкерлер үшін дайын өндірістік алаңдарының құрылысы жүргізілуде. Өндірістік аймақтарда негізінен, өңдеу өнеркәсібінің жобалары орналастырылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика