• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСПЕН КҮРЕС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Сен 20, 2024
Spread the love

Жыл басынан бері қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты — 68 құрылыс нысаны бойынша 177 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы көлемі 37 432 734 теңге, өндірілгені — 28 645 546 теңге.
Құрылыс сапасына қатысты 8 айда 19 құрылыс объектісі бойынша 19 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 7 125 500 теңгенің 1 587 500 теңгесі өндірілген. Ал үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзу бойынша —
9 тұрғын үй кешеніне қатысты 9 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік сотқа негізінен қарау үшін жолданды. Сот шешімдері негізінде әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы — 7 420 920 теңге, өндірілгені- 7 420 920 теңге.
Заңсыз құрылыстың екі бағыты бар. Оның біріншісі мемлекет жеріне салынған жеке тұрғын үйлер. Екіншісі, құжаты рәсімделмей салынған кәсіпкерлік нысандар. Заңсыз тұрғын үй салған азаматтар сол жерді заңдастыру үшін көмек сұрап келеді. Қолданыстағы заңға сәйкес тұрып жатқан үйге меншік құқығын тану сот шешімі арқылы ғана жүзеге асырылады. Сол себепті тұрғындарға барлық мәселе Жер кодексінің 167-бабына сәйкес жер қатынасынан туындайтын мәселе тек сот арқылы ғана шешіледі. Егер сол үйде 5-6 жылдан астам уақыт тұрған болса, сотқа талап арыз жолдауына болады. Сот шешіміне сәйкес әкімдік заңдастыру мәселесін қарайды. Ал қаламызда әлі де құжатсыз кәсіпкерлік нысан салатын кәсіпкерлер бар. Сол бойынша тиісті мониторинг жұмысын жүргізіп, айыппұл салып жатырмыз. Былтырмен салыстырғанда биыл азаматтар заң нормасын сақтауды үйренген. Ірі көлемде айыппұл төлеген соң азаматтар да түсініп жатыр. Заңсыз құрылысқа 600 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика