• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ЕГІСТІК АЛҚАПТАРДАН МОЛ ӨНІМ ЖИНАЛУДА

Автор:admin

Сен 19, 2024
Spread the love

Шымкент қаласында биыл 26,5 мың гектар жерге дақылдар егілген. Атап айтқанда, дәнді дақылдар – 10,9 мың га (бидай – 10,3 мың га, арпа – 0,6 мың га), майлы дақылдар – 3,0 мың га, мал азықтық дақылдар – 9,0 мың га, көкөніс пен бақша – 3,1 мың га, картоп – 0,5 мың га егілген. Жыл соңына дейін егістік алқаптардан 86 мың тонна өнім жиналады деп жоспарлануда. Қазірдің өзінде 66,5 мың тонна өнім жиналған.
Сонымен қатар, қысқы маусымға 307 мың тонна мал азығы дайындалды. Бұл белгіленген жоспардың 93%-ын құрап отыр.
Көктемгі егіс жұмыстарына 35,9 тонна дизель отыны бөлініп, толығымен үйлестірілді.
Күзгі егін жинау жұмыстарына 104,5 тонна дизель отыны бөлініп, шаруашылықтарға үйлестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Үкіметі мен әкімдерге 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемін 2 есеге арттыру жөнінде тапсырма бергені белгілі. Сол себепті елімізде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Жол картасы қабылданған болатын. Онда егіс алқаптарын әртараптандыру арқылы жоғары рентабельді өсімдіктерді көбірек өсіру мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын енгізу, тыңайтқыштарды қолдану деңгейін арттыру және ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жоспарланған.. Жол картасын жүзеге асыру агроөнеркәсіп кешенінің жалпы өнімін 2028 жылға қарай 2 есеге арттырып, 17 трлн. теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Шымкент республиканың үшінші мегаполисі болғанымен, мұнда агросектор саласына деген қолдау айрықша екенін айта аламыз. Кезінде көрші өңірдің қалаға іргелес жатқан аудандарынан қосылған елді мекендердің егістік жері есебінен қаланың ауыл шаруашылығы дамып отыр. Қала әкімдігі азық-түлік қауіпсіздігі мәселенін жүйелі түрде шешу үшін ауыл шаруашылығы саласында кластерлерді дамытуға күш салуда. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметі бойынша, биыл қалада кемінде 5 бағыттағы кластер қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Олардың арасында сүт өнімдерін өңдеумен, ет өнімдерін шығарумен, жеміс-жидек пен көкөністі сақтап, оны консервілеумен, балық өсіріп, одан дайын өнім шығарумен және омарташылықпен айналысатын кластерлер болады. Басқарманың деректеріне сүйенсек, қазірдің өзінде аталған бағыттар бойынша 13 инвестициялық жоба қолға алынған. Атап айтқанда, жемісті консервілейтін 3 фабрика, көкөніс сақтауға арналған 6 қойма, 1 құс фабрикасы мен 1 тауарлы сүт фермасы, өсімдік майын өндіретін 1 цех және 1 жылыжай кешені ашылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика