• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Шымкентте бөтеннің скутерін көтеріп ұрлап кеткендер ұсталды

Автор:admin

Апр 17, 2024
Spread the love

Ұрлықтың ерекше тәсілі қаланың Әл-Фараби ауданының аумағында түнгі уақытта орын алды. Басына шлем киген үш белгісіз тұлға мотокөлікті тұрған орнынан қозғалта алмай, көтеріп алып кеткен.
Скутерін кафенің жанында қалдырған тұрғын, оның жоғалғанын біле салысымен дереу полицияға хабарлаған. Жәбірленушіге жарты миллион теңге көлемінде шығын келтірілді.
Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының жазбаларын алып, жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Күдіктілер екі тәулік ішінде қолға түсті. Олар 18 және 20 жастағы үш жергілікті тұрғын болып шықты.
Өзгенің скутеріне олар бұрыннан көз салып жүргендері анықталды. Ұрланған мотороллерді бөлшектеп үлгерген екен.
Қазіргі таңда жайт бойынша тергеу жүргізілуде.
Полиция еске салады: механикалық және электронды қауіпсіздік құрылғыларын қолдана отырып, екі доңғалақты көлікті қорғауды дұрыс ұйымдастыру арқылы ұрлықтан сақтана аласыз.
Айта кететін, Шымкентте полицейлер жоғалған баланы туыстарына қайтарды. Әл-Фараби алаңында патрульдеп жүрген инспекторларға тұрғындар аталған аумақта 12 жасар баланың адасып қалғаны туралы жеткізді.
Тәртіп сақшылары бірден оның ата-анасын іздеуге кірісті.
Жасөспірім туыстарына қонаққа келген Өзбекстан азаматы екені белгілі болды.
Полиция қызметкерлері бір сағат ішінде баланың ағасымен байланысып, оны туыстарына аман-есен қайтарды. Жасөспірім аулаға ойнауға шығып, үйден алыстап, адасып қалған екен.
– Патрульдік полицейлерге үлкен алғыс. Қысқа уақыт ішінде жоғалған жиенімді аман-есен қайтарды. Қызметтеріңізге сәттілік тілеймін, — дейді қала тұрғыны.
Айта кететін, Шымкентте учаскелік полицей тоғыз жыл бұрын кісі өлтірген күдіктіні ұстады. Қылмыс Түркістан облысында 2015 жылдың наурыз айында орын алған. Арыс қаласының тұрғыны жанжал кезінде үш адамды атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушілердің бірі алған жарақатынан ауруханада көз жұмған. Сол жылдың сәуір айында ер адамға халықаралық іздеу жарияланды.
Қауіпті қылмыскерді анықтап құрықтаған Еңбекші АПБ-ның учаскелік инспекторы Сәкен Ақбаев. Өз әкімшілік аумағының әрбір тұрғынын білетін полицей үнемі кепка киіп, бет-әлпетін жасыруға тырысып жүретін жігітке назар аударған. Оның жергілікті көлік жөндеу орталығына жақында жұмысқа орналасқанын білген инспектор ер азаматтың жеке басын анықтады.
Тәртіп сақшысы оқиға туралы дереу жедел-тергеу тобына хабарлап, әріптестерімен бірге қашқынды қолға түсірді.
Қазір күдікті қамауда, ол Арыстың құқық қорғаушыларына тапсырылатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика