• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ БІРҚАТАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛДЫ

Автор:admin

Окт 31, 2024
Spread the love

Қоғамдық көлік жүйесін оңтайландыруға қатысты ұсыныстар мен өтініштер қала әкімінің көшпелі кездесуінде көтерілген болатын. Осыған орай, жүргізілген зерделеу жұмыстары нәтижесінде тұрғындардың сұранысы ескеріліп бірқатар жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Биылдан бастап Шымкент қаласының қоғамдық көліктерінде қолма-қол төлем қабылдау жүйесі толығымен жойылып, тек электронды төлем түрлері ғана қолданылады. Бұл шешім жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға және көлік жүргізушілерінің назарын жол қозғалысына толық аударуға бағытталған маңызды қадам.
1 қарашадан бастап №149, №60 №143, №16, және №66 бағыттардағы автобустардың сызбалары өзгертілді.
Қазіргі таңда, А-2 автомобиль жолының құрылыс жұмыстарына байланысты, №149 автобус маршрутының сызбасы Сырым батыр көшесі арқылы уақытша ұйымдастырылды.
— №60 автобус маршруты Мақталы көшесінен Талдыкөл көшесіне қарай сызбасы өзгертілді.
— №143 шағын автобус маршрутының сызбасы «Жұлдыз» индустриалды аймаққа дейін ұзартылды.
— 276 орам тұрғындарының сұранысына сәйкес, зерделеу жұмыстары нәтижесінде №16 автобус маршрутының сызбасы ұзартылды.
— №66 автобус маршрутының сызбасы тұрғындар өтінішіне сәйкес Қазтуған жырау көшесіне өзгертілді.
Қазіргі таңда жолаушылардың көпшілігі қоғамдық көлікте жол ақысын қолма-қол төлеуге мәжбүр болып жатады. Бұл, өз кезегінде, жүргізушілердің көлікті басқару кезінде ақша жинаумен айналысуына себеп болып, олардың назарын бөледі. Осының нәтижесінде жүргізушілер тек көлікті жүргізіп қана қоймай, қолма-қол ақшаны қадағалаумен айналысады, бұл жағдай кейде жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қатар, қолма-қол төлемдерді талап ету жолаушылар мен жүргізушілер арасында жанжал туғызатын жағдайлар аз емес.
2024 жылдың алғашқы 9 айында Шымкенттегі қоғамдық көлікке қатысты «І-Көмек» орталығына және қала әкімінің ресми парақшасына 12 мыңнан астам шағым түскен. Оның ішінде жүргізушілерге қатысты 6 мыңнан аса шағым тіркелген, олардың басым көпшілігі — 3 351 шағым — жолаушылардың қолма-қол төлем жасауға мәжбүрлеуіне байланысты болған.
Шымкент қаласында қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру және тасымалдаушылардың жауапкершілігін күшейту мақсатында «Avtobys» электрондық билет жүйесі іске қосылды. Бүгінде бұл жүйе Қазақстанның 17 қаласында және Қырғыз Республикасының Ош қаласында табысты жұмыс істеп жатыр. Отандық технологиялар негізінде жасалған «Avtobys» жүйесі қоғамдық көлікте заманауи әдістер мен шешімдерді енгізу арқылы жолаушыларға тиімді және ыңғайлы қызмет көрсетуді көздейді.
Биылғы жылдың басында «Avtobys» компаниясы Шымкенттің көлік жүйесін жаңғырту жұмыстарына кірісті. Нарықтағы барлық тәуекелдер мен қиындықтарды зерттеп, жаңа технологияларды енгізу арқылы қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік алынды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика