• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ БІРҚАТАР БАҒЫТТАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

Автор:admin

Сен 27, 2024
Spread the love

Жолаушылардың өтініштері ескеріліп, №16, №108, №61, №171, №180, №191 маршруттарға қосымша 12 автобус қосылды. Бұл өз кезегінде автобустардың аралық интервалын азайтып, жолаушылардың қоғамдық көліктерді ұзақ күтпеуіне септігін тигізеді.
№276 орамда жолаушылар ағынының артуына байланысты №16 автобус маршрутына қосымша 2 кесте қосылды. Қазіргі уақытта 10 автобус 15 минуттық жиілікпен қатынауда.
Сондай-ақ, №108 бағыттағы 10 автобус Шымсити шағынауданынан Күншығыс шағынауданына (ХҚКО) дейін күнделікті жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсеткен. Шымсити шағынауданы тұрғындары өтініштерін ескере, №108 автобус маршрутына қосымша 2 кесте қосылды. 12 автобустың жұмысы 15 минуттық жиілікпен ұйымдастырылды.
Ал, №61 автобус маршрутына Нұршуақ шағынауданында жолаушылар ағынының артуына байланысты 2 кесте қосылып, бүгінде 14 автобус 13 минуттық аралық жиілікпен жолаушыларды тасымалдауда.
№171 бағыт: Бозарық шағынауданы (саяжай) – әскери комиссариат. Бұрын бұл бағытта 10 автобус қызмет көрсетіп келген болса, енді жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 12 автобус 12 минуттық жиілікпен жүреді.
№180 бағыт: Көкбұлақ тұрғын алабы – Гүлжан аялдамасы. Алдын бұл бағытта 8 автобус қызмет көрсетіп келген болса, енді Көкбұлақ тұрғын алабында жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 10 автобус 15 минуттық жиілікпен жүреді.
№191 бағыт: Қарабастау тұрғын алабы – Б.Момышұлы көшесі. Аталған маршрут күніне 8 автобус жолаушыларды тасымалдаса, бүгінде Қарабастау тұрғын алабында жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 10 автобус 15 минуттық жиілікпен жүреді.
Еске саларлық, 1 тамыздан бастап қала тұрғындарының өтініштері бойынша №16, №66, №70, №71, №69 бағыттардағы автобустардың сызбалары мен кестелері өзгертілді.
Қазіргі таңда, 276 орамдағы Тұрсынбайұлы көшесі тұрғындарының өтініштеріне сәйкес:
— №16 автобус маршрутының сызбасы ұзартылды;
— №66 автобус маршрутының сызбасы Тұран шағын ауданы Қазтуған жырау көшесі арқылы ұйымдастырылды;
— №71 автобус маршрутының сызбасы Аймауытов көшесі арқылы оңтайландырылды;
— №70 автобус маршрутының сызбасы тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, Бөлешов көшесінен 600 метрге ұзартылды;
— №69 автобус маршрутына кесте қосылды.
Яғни жұмыс күндері 13 автобус, демалыс, мереке күндері 10 қоғамдық көлік жолаушыларды тасымалдайды — Сайрам елдімекенінің орталығы Ю.Сареми көшесінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты №139 бағыттағы автобустардың сызбасы уақытша өзгертілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика