• Ср. Авг 20th, 2025
Популярные метки

Шымкентте білім нысандарында құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда

Автор:admin

Июн 30, 2025
Spread the love

Қаламыздағы №109 жалпы білім беретін мектеп ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу наурыз айында басталған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарының 39%-ы аяқталған. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін нысанды толықтай пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Сайрам тұрғын алабындағы Сайрам қосымша мектеп интернаты колледжінің 300 орынға арналған жатақханасының құрылысы да қолға алынған. Құрылыс жұмыстары ақпан айында басталып, қазіргі таңда 9%-ға орындалған. Бұл нысанды жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға тапсыру көзделуде.

Бұдан бөлек, Хамза атындағы №108 мектеп ғимаратына да күрделі жөндеу жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары наурыз айында басталып, қазіргі уақытта 12%-ы орындалған. Бұл нысан бойынша да жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық аяқтау жоспарлануда.

Барлық нысандарда құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде әрі сапалы түрде аяқталуы тиіс.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика