• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕГІ ШҰЛЫҚ ШЫҒАРАТЫН ФАБРИКА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

Автор:admin

Апр 18, 2023
Spread the love

Шымкентте еңбек ұжымдарымен кездесу жалғасуда. Кезекті кездесу «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Әлем-БТ» ЖШС-ның шұлық жасау фабрикасының ұжымында өтті.
«Әлем БТ» өндіріс орны жұмысын 2015 жылы бастаған. Қазіргі таңда фабрикада 200-ге жуық адам еңбек етеді. Өндірілген өнімнің 70%-ы ішкі нарыққа шығарылса, 30%-ы экспортталады. Бір қызығы, «Әлем БТ» ЖШС тоқыма фабрикасында бір шұлық небәрі 10 секундта тоқылады екен.
Кездесуді «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов өткізді. Жиын барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбы аясында түсіндірме жүргізіліп, кәсіби аурушаңдықтан сақтау, қауіпті еңбек жағдайларын алдын алу жолдарына талқыланды. Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес, еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасудың маңыздылығы, өндірістік жарақаттану, кәсіби аурушаңдықтан сақтану, қауіпті жағдайлардың алдын алу туралы түсіндірме берілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы басты қағидалар:
— жұмыскердің өмірін және денсаулығын сақтау;
— жұмыскерлердің денсаулығына өндірістік зиянды әрекеттердің әсер етуіне жол бермеу;
— жұмыскерлердің еңбек шартына құқығын қорғау;
— аумақтық бөлімшелер және реттеушілердің өкілдерінің келісілген әрекеттерін қамтамасыз ету;
— қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайы туралы ақпараттың толықтығы және шынайылығы. Еңбекті қорғауды басқару саласында мақсатты тұжырымдаудың бірыңғай жүйесі енгізілді, атап айтқанда мәдениетті арттыру және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жүйені жетілдіру бағдарламасы, қызметтің жаңа негізгі функционалдық көрсеткіштері бекітілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика