• Ср. Апр 2nd, 2025
Популярные метки

НАУРЫЗ ТОЙДЫҢ СӘНІН ТҮС ҚАЙТА КӨШЕРОВ «КӨТЕРІП» КЕТТІ МЕ?

Автор:admin

Мар 22, 2025
Spread the love
Әлқисса… Нұралыхан Көшеров Сіз шетелден келген мәртебелі мейман емессіз, Президент емессіз, Түркістан облысының әкімісіз, бұқараның қызметшісі және бүгінгі өткен өз тойыңыздың иесісіз ғой. Елдің алдында қып-қызыл қалы кілеммен жүретіндей не көрінді? «Ұлық болсаң, кішік бол!» деген атам қазақ. Сәл-пәл қызыл кілемнен төменге түсіп көресіз бе? (1-2 фотода
Алқызыл қалы кілемде елдің көзінше кетіп бара жатқан қыз-келіншектер емес, Түркістан облысының әкімі Нұралыхан Көшеров. Көзіме оттай басылғаны-дәл осындай қызыл кілеммен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жылына бір рет барша аналар мен қыз-келіншектерді құрметтеп, 8-наурызда жүргізетін еді) Жұрттың алдында бұлай жүргеніңіз біздің көзімізге өзіңізге деген құрметіңізді қыздың талғамындай тым асқақ сияқты көрсетеді екен…
Әйтсе де, айтпағымыз ол емес еді, Ерекше мәртебеге ие болған Түркістанның наурыз тойынан әдемі ерекшелік күтіп едік… Әттеген-айы көп болды…
Әкім жүрген сәттегі суреттер көз тартып тұрғанымен, түс ауа тойларынан сән кетіп, «жүктері жәйлап қызыл кілемінен бастап жиналып қапты». Өңір басшысы жүрген қызыл кілемге елдің табаны тисе, не бопты? Төседің бе бәріне арнап төсе, болмаса Нұралыханды бір «хрусталь топлай» киіп алғандай қылма. Жарымсақтық па, не бұл өзі? Әлде Түркістан қаласы әкімдігі мен Түркістан Облысы Мәдениет Басқармасы ұлыстың ұлы күнін Нұралыхан Оралбайұлы үшін өткізді ме?.. Той елдікі. Сайып келгенде салтанатты көрініс жоқ дегенде екі күнге жалғасу керек емес па еді? Осы жаңа жылда шыршаларын жиырма күнде де жинастырмай тұратын еді ғой. Ұлық мерекенің лебін биыл, ерекше мәртебе алған жылы «жұпынылау» қылып өткізетіндей не көрінді бұл Түркістанға?
Хош делік, алдымен әз Наурыз мерекесінің безендірілуіне тоқталсақ… Сахна мен киіз үйлердің орналастырылуы былтырғы. Оның өзінде өткен жылы балуандар белдесуі, ұлттық ойындар, роботатехникалар, нар-түйелер құмай-таз бүркіттері мен суретке түсетін геолокацияларымен толымды көрініп еді, биыл түс ауа одан дым жоқ, Алаң жарқыраған шар сататын жәрмеңкеге көбірек ұқсап кеткен… Қолөнершілер мен олардың эксклюзивті жәдігерлері де көрінбейді. Домбыра қайда тартылып тұрған? Биыл «Ассамблеяның отыз жылдығы». Жылда самсап тұратын өзге ұлт өкілдерінің әдемі көрмелері мен аспаптары қайда? Наурыз күллі исі мұсылман қауымның жыл басы емес педі? Әттең сол кездегі наурыз тойды бүгінгі иінтіресіп жүрген шетелдік туристер көрмепті да…
Сонда ығы-жығы иін тірескен халық нөпірі мен алыс -жақын шетелден келген қонақтар «Ән мен әнші» басталғанға дейін нені ермек етеді деп ойлаған? Былтырға дейін қойылатын алаша-текемет тоқып отыратын әжелеріміз бен қолөнер шеберлері қайда? Көшпелі мұражайлары мен ұлттық ойындарымыз қайда? Жұрт мәре сәре болып асық , ләңгі, арқан тарту, гір тасын көтеру, қошқар тасу сияқты ойындарды тамашалаушы еді, орнын әншілер басып кетті ме? Наурыз тойдың көркін келтіретін ақ кимешек киген әжелер қайда ән салып тұратын? Алтыбақандар қайда? Сауыт киген батырлар мен ат ұстап жүретін топ қайда? Жым жылас қой… жылма жыл көмескіленіп бара жатқандай, бұл мереке… бұрнағы жылдарда ұйымдастырылуы қандай еді ә… Қызығына тоймай, түн ауғанша тойлайтындай дәрежеде өтетін…
Гүр-гүр етіп, музыканың дауысымен қосылып, миды ашытқан алып алты шар алмастырып жіберді ме? Креатив болғысы келген болса, осы алты әуе шарына «Ұлыс оң, ақ мол болсын!», «Наурыз құтты болсын», «Қош келдің, әз-Наурыз!» деген сияқты жүрекжарма тілектерді жазып қоймады ма? Не ұшпайтын, не қонбайтын, не ел мініп қызыға, қызықтыра «тойлайтын» бұлардың құр тұрғанынан не пайда? Алты алып шарға қарап тұрып, бұлар «алты оформлениеден қашан «асады» екен» дедік… Сайып келгенде, жерге жабыстырып қойғанымен, бензин жағып түнде де тұрған бұл шарлар тегін қызмет көрсетіп берді дегенге кім сенеді? Жайшылықтағы бір ұшырып-түсіргеніне әжептеуір ақша алатын еді ғой… (3-4 фотода тұр, айналасын керосин сасытып, жел үру үшін оталдырғанда дауысынан құлақ тұнатын әуе шарлары)
Ары қарай қаузасақ… Креатив іздепті деп ақтап-ақ, жақтап-ақ алғымыз келіп еді. Тапқан амалдары бума пішендердің үстіне төсеп қойған құрақтар ма? Әлде әлем-жәлем қылып шатырларына іліп қойған түрлі түсті маталар ма? Дәл осындай көрініс индияның көшелерінде толып тұрады деседі. Оны фотодан ақ көріп алатын едік қой. Сонда рухани Астана кімге еліктеп отыр? (5 фото-Наурыз той Түркістандағы шатырға ілінген маталар, 6 фото-Индиядағы жалбыратып ілініп тастаған түрлі түсті маталар Құдайға шүкір, төбесінен түсіріпті. Жанынан қарасаң индияның жәрмеңкесіндегі 6 фотоға қатты ұқсайды. ).
Құжынап жүрген туристерге қазақтың тойы осындай болады, дегісі келді ме, ұйымдастырушылар? Есігін айқара ашып, туристерге дәм таттырудың орнына түс қайта тігілген ақ шаңқан киіз үйлерінің біразы ішін қарасақ, тақұл тұқыл жинап тастаған. Өзді-өзі ішіп-жеп тарқап кеткен кейбір аудандағылар да дастархандарын әкімдері мен өзді-өздері «болып-толу үшін жайды ма? «Оразаның кезі, аузы берік адамдардан обал болады» дейтін болса, неге әрқайсысы кешкісін ауызашар өткізіп жібермеді елге? Түске дейінгі фото мен іс жүзіндегі түс қайтасы бір біріне мүлдем кереғар болды. Сондықтан сұрап тұрмыз. Елдің тойы әкім Нұралхан Көшербаевтің «фотосын жиып-теріп, әлеу желіге жүктеу үшін өткізілді ме, әлде әншілер үшін ұйымдастырылды ма, Aqorda сұрап беріңіздерші…
Түс қайта түк таппаған туристердің көбісі тойда емес, Қ.А.Яссауи кесенесінің маңынан кездесті. Сол тойдан табылып, біздің салт-дәстүрге қанығып қайтпады ма, еліне? Сосын мен әншісінің сцентарийіне келер болсақ, кім жазып берген? «Түркістандықтаааррр, Түркістандықтаааррр» деп деп қайта-қайта айтады, осы сөздеріне қонақтар деген сөзді қосса, тілін тістеп ала ма? «Естіген құлақта жазық жоқ». Өткен жылда бір ауданның мерейтойында жүргізуші «бір рудың атын атап тұрып, …. еліне хош келдіңіздер!» деп сөз бастапты дегенді естіп, онысы несі деп аңтарылып қалып едік. Сценарийге қарамайтын мәдениет саласының басшылары кетсінші, орнынан… Жүддә рахмет соларға… Онсыз да жылда не бір қойылымында, не бір іс шарасында қыруар қаржы бөлінетіндігі жайында бір әңгіменің құлағы қылтиып, «желініп» кеткен жоқ пекен?» деген сауалға жетелейді де, тұрады.
…Айтпаса сөз атасы өледі, Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров. Ел президенті Түркістан облысына «Ерекше мәртебені» сізді өз тойына түске дейін қонақ болып келіп, алқызыл кілемде «алшаң бассын», болмаса, суретке түсіп-түсіп кетсін» деп емес, киелі өңірдің әлеуетін арттырсын деп берді. Ал сіздер жабылып жүріп не бір керемет сәнін келтіріп наурыз тойдың, не сол тойда әжетхана іздеп сандалып жүрген халықтың «кіш» дейтін кішкентай ғана орнын ұйымдастырып бере алмағандай көрініп қалдыңыздар. Ал дәретін өтейтін жерді таппай сабылған жұрттың соңынан көзден тасалау қалтарыс бұрыштар «дідік» сасып қалды… «Қай жерлерге дәрет сындырды»,-деп сұрасаңыздар ертең барып көрсетейін. (7-8-9-10 фотоларда туалет таппағандардың кейбірінің дымы құрығанда «тапқан амалының артындағы дідік сасыған» жерлер тұр) Қанша дегенмен киелі жер, мұнтаздай болып тұру керек… Бірақ оны кім жуады?
P.S. «Сонымен, тойдың төресі, жыл басы әз-Наурызға қатысты сауалды «үйлестіруші» бір басқарманың басшысына жолдап едік: «Оны Мәдениет пен Қала әкімдігі білмесе, менің хабарым жоқ екен» -дей салды. Сонда көбіне-көп кейбір журналистерді «жолатқысы» келмей, шақыртудан шеттететін Түркістан облысының әкімдігінің кейбір кресло иелері «Ерекше мәртебеге» мұрыншүйіре қарай ма, әлде өзі ғана мәртебелі болуды қалай ма, дым ұқпадық…
Әлия Ортаева-журналист.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика