Шардара ауданында жалпы тік дренаждар саны 302 дананы құрайды. Атап айтқанда Қ.Тұрысбеков а/о –26, Қоссейіт а/о – 31, Көксу а/о – 51, Ұзын ата а/о – 22, Алатау батыр а/о – 36, Қызылқұм а/о – 31, Сүткент а/о – 10, Ақшеңгелді а/о – 58, Достық а/о – 37 дана.Бүгінгі таңда тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру үшін тиісті қаржы бөлініп, «Ислам Даму» банкісі несие қаржысы арқылы жұмыстар жүргізу қолға алынған.
Тік дренажды ұңғымаларға конкурстық жұмыстар 3 лот бойынша ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталған.
Бірінші лот: 105 дана тік дренажды ұңғымалар Сүткент, Достық, Ақшеңгелді ауыл округтерінде орналасқан, мердігер «Асатай» ЖШС.
Екінші лот: 89 дана тік дренажды ұңғымалар Ұзын ата, Алатау батыр, Қызылқұм ауыл округтерінде орналасқан, мердігер «Алматыинжстрой» АҚ «Геотерм» ЖШС.
Үшінші лот: 108 дана тік дренажды ұңғымалар Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу ауыл округтерінде орналасқан, мердігер «Толағай 2050» ЖШС.
(с)Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі