Түркістан облысының прокуроры Тлеубердиев Мұрат Әжінұрұлы Шардара ауданына арнайы іс-сапармен келді.
Аудан прокуратурасында жеке және заңды тұлғаларға қабылдау жүргізілді.
Облыс прокурорының жеке қабылдауында болған азаматтар әлеуметтік көмек көрсету, отбасылық даулар, мал ұрлығы, заңсыз құрылыс, жеке және аудандық өзекті мәселелер басқа да қылмыстық/азаматтық істер бойыша процессуалдық шешімдерді қабылдау жөнінде айтылды.
Қабылдауда болған азаматтарға ауызша заң талаптары түсіндіріліп, кейбірінің жазбаша арыздары алынды.
Жергілікті тұрғындардың уәждерін тыңдаған облыс прокуроры аудан прокуроры Р.Абдраимовқа айтылған мәселелерді қайта тексеру жүргізуді тапсырды.
Шардара ауданының прокуратурасы