Шілде айының 17-19 аралығында аудандық полиция бөлімі тарапынан жоспарланған «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімі басшысының орынбасары С.Ордабек бастаған полиция қызметкерлері, «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері, БАҚ өкілдері жұмылдырылды.
–Шараның мақсаты – кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау, қылмыс пен құқықбұзушлыққа жол бермеу, жасөспірімдердің құқықтарының бұзылмауын қадағалау, – дейді аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімі басшысының орынбасары С.Ордабек.
Рейдтік іс-шара барысында жасөспірімдердің жиналатын орындары, ойын-сауық кешендері, дүкендер мен көңіл көтеретін орындардың аумақтары тексерілді. Нәтижесінде түнгі сағат 23:00-ден кейін беймезгіл жүрген жасөспірімдер анықталып, полиция бөлімінде олармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналары шақыртылып, оларға ескерту жасалды.