• Сб. Июл 5th, 2025
Популярные метки

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ХАЛЫҚПЕН ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІН БАСТАДЫ

Автор:admin

Май 23, 2025
Spread the love

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығын жүзеге асыру аясында Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев 2025 жылдың алғашқы тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп беріп, тұрғындармен кездесулер өткізді.
Аудан басшысының жұмыс сапары Достық ауылдық округінен басталып, одан әрі Ақшеңгелді, Сүткент, Қызылқұм және Алатау батыр ауылдық округтерінде жалғасты. Кездесулер барысында ауыл әкімдері де соңғы үш айдағы жұмыстар жөнінде есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, әр округте тұрғындарды жеке қабылдаулар ұйымдастырылды.
Кездесулер кезінде ауылдық округтердің өзекті мәселелері көтерілді. Атап айтқанда:
• Достық ауылдық округінде «Жасыл аймақты» қоршау және балалар ойын алаңын салу;
• Сүткент ауылына кіреберіс 8 шақырымдық тас жолды күрделі жөндеу;
• Егістік алқаптардағы каналдар мен қашыртқыларды тазалау және бетондау, ауыз су торабына жөндеу жүргізу;
• Қызылқұм ауылдық округінде М.Әуезов көшесін жарықтандыру шамдарымен жабдықтау және басқа да әлеуметтік мәселелер айтылды.
«Кездесудің басты мақсаты – тұрғындармен ашық пікір алмасып, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдау. Себебі ауыл мәселелерін жергілікті тұрғындар жақсы біледі. Біздің аудан тұрғындарының негізгі кәсібі – диқаншылық. Сондықтан жер жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс атқарамыз. Алдағы уақытта ауылдарды абаттандыру, жарықтандыру, жол салу және жаңа инфрақұрылым тарту жұмыстары жалғасатын болады. Біз үшін әр тұрғынның мәселесі маңызды», – деді аудан әкімі Арман Қарсыбаев.
Сондай-ақ, аудан басшысы көтерілген мәселелерді жіті назарда ұстайтынын айтып, олардың шешу жолдары мен орындалу мерзімдері туралы түсіндіріп өтті.
Қоса кететін, Мемлекет басшысы өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.
Бұл ретте Президент мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблемалар көбінесе азаматтар мен жергілікті жерлердегі шенеуніктер арасындағы кері байланыстың болмауына байланысты екендігіне назар аударды.
Отырыста халықпен тікелей және кері байланыс арналарының жұмысындағы проблемалар негізінде әзірленген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру тәсілдері таныстырылды.
Мәселен, қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың тұрғындармен өзара іс-қимылына азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу жүйелілігінің және мемлекеттік органдардың проактивтілігінің болмауы әсер етеді.
Айта кетерлігі, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты мақсаты – билік пен халық арасында конструктивті диалог орнату.
2019 жылы Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың барлық өтініштеріне жедел және тиімді жауап беруге бағытталуы керек екенін атап өткен болатын.
«Жасыратыны жоқ, мемлекеттік аппарат қызметіндегі мәселелер көп жағдайда биліктегілер мен азаматтар арасында кері байланыстың жоқтығына қатысты болып келеді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл барынша ашық және есепті мемлекетті қалыптастыру. Сондықтан, бұл тұрғыда тұрғындардың пікірі барынша ескерілуі тиіс.
Бұл бастамалар азаматтық қоғамды дамытуға негіз болады. Қазіргі шаралар аяқ астынан мәжбүрліктен қолға алынған жоқ. Ол – елімізді демократияландыруға, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған саясаттың жемісі», деп жазды Мемлекет басшысы өз мақаласында.
Қандай да бір қоғам өркендеп дамуы үшін араларында диалогтың болу маңызды. Бір-бірінің пікірімен, көзқарасымен санаспаған, тыңдамаған, естімеген елдің ертеңі бұлыңғыр. Оны тарих талай дәлелдеді. Халық билікке, билік халыққа арқа сүйегенде ғана болашақтың таңы арайлап атады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика