• Чт. Июн 5th, 2025
Популярные метки

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Автор:admin

Май 29, 2025
Spread the love

Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға алдын ала жазылған аудан тұрғындары келіп, өзекті әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін көтерді.
Қабылдау барысында азаматтар тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік жеңілдіктер ұсыну, қалаішілік қоғамдық көлік маршруттарын реттеу, сондай-ақ жұмысқа орналасу мәселелері көтерілді. Бұдан бөлек, тұрғындар тарапынан өзге де әлеуметтік маңызы бар сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.
Аудан басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді. Арман Қарсыбаев барлық көтерілген сұрақтардың шешілуі өзінің жеке бақылауында болатынын және мүмкіндігінше қысқа мерзімде тиісті шешімдер қабылданатынын атап өтті.
Қабылдауға қатысқан тұрғындар аудан әкімінің ашықтығы мен мәселелерге шынайы назар аударып, нақты әрі уақтылы жауап бергені үшін ризашылықтарын білдірді.
Қоса кететін, Мемлекет басшысы өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.
Бұл ретте Президент мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблемалар көбінесе азаматтар мен жергілікті жерлердегі шенеуніктер арасындағы кері байланыстың болмауына байланысты екендігіне назар аударды.
Отырыста халықпен тікелей және кері байланыс арналарының жұмысындағы проблемалар негізінде әзірленген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру тәсілдері таныстырылды.
Мәселен, қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың тұрғындармен өзара іс-қимылына азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу жүйелілігінің және мемлекеттік органдардың проактивтілігінің болмауы әсер етеді.
Айта кетерлігі, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты мақсаты – билік пен халық арасында конструктивті диалог орнату.
2019 жылы Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың барлық өтініштеріне жедел және тиімді жауап беруге бағытталуы керек екенін атап өткен болатын.
«Жасыратыны жоқ, мемлекеттік аппарат қызметіндегі мәселелер көп жағдайда биліктегілер мен азаматтар арасында кері байланыстың жоқтығына қатысты болып келеді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл барынша ашық және есепті мемлекетті қалыптастыру. Сондықтан, бұл тұрғыда тұрғындардың пікірі барынша ескерілуі тиіс.
Бұл бастамалар азаматтық қоғамды дамытуға негіз болады. Қазіргі шаралар аяқ астынан мәжбүрліктен қолға алынған жоқ. Ол – елімізді демократияландыруға, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған саясаттың жемісі», деп жазды Мемлекет басшысы өз мақаласында.
Қандай да бір қоғам өркендеп дамуы үшін араларында диалогтың болу маңызды. Бір-бірінің пікірімен, көзқарасымен санаспаған, тыңдамаған, естімеген елдің ертеңі бұлыңғыр. Оны тарих талай дәлелдеді. Халық билікке, билік халыққа арқа сүйегенде ғана болашақтың таңы арайлап атады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика