21 қыркүйек «Бүкіләлемдік тазалық күні» аясында аудан әкімі А.Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданының орталығында, сондай-ақ өңірдегі 10 ауылдық округте сенбілік өтті. Экологиялық шарада спорт мектептері мен білім ошақтарында қоқыстар жиналып, арнайы полигондарға жеткізілді. Сонымен қатар, тазалық жұмыстарына қатысушылар ағаштарды суару, көше бойындағы ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстарын атқарды.
Сенбілікке қала-ауыл тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, спортшылар, жалпы 1200-ге жуық адам, 18 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 314 көше бойынан 65 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі