• Вс. Мар 16th, 2025
Популярные метки

Халық санының тиімді өсуі

Автор:admin

Окт 4, 2022
Spread the love

Біздің мемлекеттің экономикалық тұрғыда Орталық Азия елдерінен әлдеқайда озық тұрғанына қарамастан, өлім деңгейі ол елдерде біздікінен төмен: Қырғызстан – 6,9, Тәжікстан – 6,49, Түркіменстан – 6,21, Өзбекстан – 5,29. Сонымен қатар, Қазақстанның өзіне тән демографиялық ерекшіліктері бар. Ең басты үрдіс – әр түрлі этностардың әр түрлі демографиялық көрсеткіштерінде. Азиялық этностарда бала туу деңгейінің жоғары және өлім деңгейінің төмен болуы байқалуда. Керісінше, еуропалық халықтарда өлім туудан көп болып отыр. Осы орайда, саны жағынан ең көп екі халық – қазақ және орыс этностарын алып қарастырайық. 2011 жылы туылған 372544 баланың 272707-сі, яғни 73,2% қазақ ұлтының балалары, ал 47770-сі орыс ұлтының, яғни 12,8% болды. 2011 жылдың басына қазақ ұлтының үлесі 64,03 пайыз, орыс ұлтының үлесі 22,83 пайыз болғандығын ескерген жөн. Қазақтардың туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 25 (жалпы халықтың 2,5%-ы) болып отыр. Орыс халқында бұл көрстекіш 12 деңгейінде. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі дағдарыс болған қиын кезеңдердің өзінде қазақтардағы бұл көрсеткіш 17-ден кем болған жоқ, ал 80-жылдардың аяғында туу 1000 адамға шаққанда 30 болғанын ескеретін болсақ, әлі де өсудің потенциалы бар екендігі анық. Қазақтардағы өлім көрсеткішінің деңгейі аймақтағы басқа елдермен шамалас деңгейде. Оған ең негізгі фактор қазақтардың жас халық болуы. Халықтың демографиялық ахуалының бір көрінісі ретінде халықтың орташа жас көрсеткіші маңызды болып табылады. Орташа жас дегеніміз – халықтың тең жартысы сол жастан төмен, тең жартысы сол жастан жоғары болатын көрсеткіш. Мамандардың айтуынша қазіргі таңда қазақ халқының орташа жасы 26-27 шамасында, орыс халқында әр түрлі деректер бойынша 45-47 төңірегінде болып отыр. Яғни, қазақтарда репродуктивті адамдардың үлесі жоғары. Ал еуропалық этностарда туудың төмен болуы және елден көшіп кетіп жатқандар арасында экономикалық белсенді адамдардың басым болуы олардың демографиялық жағдайларының нашарлануына өз септігін тигізуде. 2009 жылғы халық санағынан кейін қазақ халқының үлесі 63,1%, ал орыс халқы 23,7% болды, 2013 жылдың 1 қаңтарына қазақ халқының пайыздық үлесі 65-ті құрап отыр, орыстар 21,8 пайызға дейін қысқарды. Бұл ретте көпшілігі айтып жатқандай орыс ұлтының жаппай көшу мәселесі жоқ. Қазақтардың жылдам өсуі олардың үлесін көбейтуде (табиғи өсім 200 мың үстінде).

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика