• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 30, 2024
Spread the love

Бүгін қала әкімі аппараты ғимаратында «Халық заңгері» — республикалық акциясы өтті. Акция аясында жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, заңгерлер мен адвокаттары тұрғындарды қабылдап, туындаған мәселелері бойынша көмек көрсетті. Қала тұрғындарына еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік заңгерлер қажетті кеңестер берді.
Шара ҚР Үкіметінің қолдауымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Әділет министрлігінің, Республикалық адвокаттар алқасының, мемлекеттік билік органдарының және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттарының, «Zakon.kz» желілік басылымының, «Параграф» ақпараттық жүйесінің бірлесіп ұйымдастыруымен қолға алынған.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және заң көмегін көрсету.
Жалпы еліміз бойынша 2016 жылдан бері акцияға 8000-нан астам үздік сарапшылар мен шешім қабылдайтын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам адам кеңес алып, «Халық заңгері» акциясы басталған сәттен бастап бірден өз қажеттілігін көрсетті. Бүгінде дәстүрге айналған жоба барлық қалаларда бір уақытта өткізілуде.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика