• Вс. Июн 1st, 2025
Популярные метки

“ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ” ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ САУРАН АУДАНЫНДА ӨТЕДІ

Автор:admin

Май 27, 2025
Spread the love

30 мамырда Қазақстанның барлық өңірлерінде өтетін «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Сауран ауданында ұйымдастырылады.
Заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік орган өкілдері тұрғындардың барлық құқықтық сұрақтарына жауап беріп, тегін кеңес береді және білікті көмек көрсетеді.
Келіңіздер! Құқықтық көмекке мұқтаж барлық азаматтарды күтеміз!
Өтетін орны: Сауран ауданы, Мәдениет үйі.
Басталу уақыты: 30 мамыр, сағат 11:00.
Кіру тегін!
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, сондай-ақ еліміздің үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика