Бәйдібек ауданы әкімдігінің ғимаратында «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында қабылдау өтуде. Осы акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады. Акция 30 мамыр күні еліміздің ірі қалалары мен елді мекендерінде өтуде.Мемлекеттік органдар, елдің үздік заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады.
Заң үстемдігін нығайту мақсатында қазір «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын енгізу арқылы «Әділетті Қазақстан» құру мәселесі күн тәртібіне шығып отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті Қазақстан» – бұл әуелі халықтың заңды құқығы мен азаматтық қоғам қағидаттарына сай экономикалық, әлеуметтік, саяси құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік ұстаным. Заңды білу тек құқық қорғау органдары мен заңгерлерге ғана міндет емес. Заңды білу және заң талаптарын орындау, алдымен халықтың құқықтық сауаты мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Яғни, құқықтық мемлекет құру, заң үстемдігін орнату процесінде құқықтық тәрбие мәселелерінің маңызы жоғары.
Жеке адамның құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, тұрғындарға заң тұрғысында тегін кеңес беру мақсатында 2016 жылдан бері республикамыздың барлық өңірінде «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылып келеді.
Мүмкіндікті пайдалануға шақырамыз!