Бүгін әлем халқы Халықаралық мүгедектер құқығын қорғау күнін атап өтеді. Бұл датаның тарихы 1992 жылдың 5 мамырынан басталады. Дәл осы күні Еуропаның 17 елінде жарымжан жандар бір мезетте мүгедектерді кемсітуге қарсы күрес күнін өткізген еді.
Осыған орай, елімізде ерекше күтімді қажет ететін жандардың жағдайын жасауға барын салып келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамның тең және ажырамас бөлігі ретінде қарайтын қоғам құра білу басты міндет болып табылады.
Бұл бағытта «AMANAT» партиясы жанындағы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында көптеген іс-шаралар мен кездесулер өткізіліп келеді. Партиямыздың мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту олардың мәселелеріне көңіл бөлуге, құқығы мен денсаулықтарын қорғауға, мүгедектердің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге қатысуынан қоғамға келетін басымдықтарға назар аударуға бағытталған. Әрбір мүмкіндігі шектеулі жандар үшін партия тарапынан арнайы қабылдаулар ұйымдастырылып, кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Ерекше азаматтардың құқығын қорғап, ата-аналар және балалармен кездесу өткізіп, мәселелерін шешуге белсене атсалысуда.
«AMANAT» партиясының 2027 жылға дейінгі «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасын тиімді іске асыру үшін, Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан, Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру мақсатында, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту болса, соның ішінде мүгедектігі бар адамдарды қатыстыру жоспарланған. Олар: Әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы,қоғамдық жұмыс орыны, алғашқы жұмыс орындары. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсетумен қатар, білім беру, мамандық иесі атануға жағдай жасау маңызды.
Сонымен қатар қаламыздағы «Ерекше қажеттілігі бар балаларды қорғау» инклюзивті ресурстық орталықтардың жұмысына зерделеу жүргізіліп отырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығын, ізденіс дүниетанымын жан-жақты дамытуда үлкен рөл атқарып келеді. Алдағы уақытта да ерекше жандарға арналған іс-шаралар өз жалғасын тауып өткізіліп тұрады.