• Вт. Май 13th, 2025
Популярные метки

Фуджейра төрінде көк ту көтерілді: Ромашкин Хамзаальпер – әлем чемпионы!

Автор:admin

Май 13, 2025
Spread the love

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таэквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. 80 елден келген 811 жас спортшы жүлде жолында тартысқа түсіп жатқан байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы алғашқы алтын жүлдеге қол жеткізді.

Жарыстың алғашқы күнінде 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ромашкин Хамзаальпер ел үмітін ақтап, әлем чемпионы атанды. Финалдық айқаста ол канадалық Никола Самордичпен жолықты. Қарсыласы есепте 11:0 есебімен алға шыққанымен, Хамзаальпер соңына дейін берілмей, үшінші раундтың аяқталуына небәрі 20 секунд қалғанда керемет камбэк жасап, шешуші сәтте жеңісті жұлып әкетті.

Жас спортшының бұл жеңісі – қажырлы еңбек пен темірдей төзімнің нәтижесі. Финалға дейін ол Иордания, Иран, AIN (бейтарап спортшылар), сондай-ақ Тайпей елінің өкілдерін жарыс жолынан ығыстырған болатын.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 10 мамырда басталып, 15 мамырға дейін жалғасады. Алда әлі бірнеше күнге созылатын дүбірлі додада өзге де таэквондошыларымыз жүлде үшін талас жүргізбек.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика