• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

«УЫЛДЫРЫҚ» ІС-ШАРАСЫ КЕЗІНДЕ ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ (-2-)

Автор:admin

Май 16, 2024
Spread the love

Тіршілік атаулы қайта түлеп, жаңаша кейіпке енетін көктем мезгілі шаруаға да қолайлы кезең. Әсіресе көктемгі дала жұмыстары жанданып, қарбалас қыза түседі. Сонымен қатар табиғат байлықтарын қорғаудың да маңыздылығы арта түседі. Көктемде суайдындарда балық аулаушылардың да қатары көбейе түседі. Бірі балықты бас пайдасы үшін ауласа, енді бірі әуесқойлықпен суға қармақ салады. Дейтұрғанмен заңсыз балық аулаудың зардабы көп екенін екінің бірі ескере бермейді.
Заңсыз балық аулаушыларға бақылау балықтың уылдырық шашатын кезеңінде күшейе түседі. Дегенмен бәрібір табиғат байлығына қиянат жасаушы қаскөйлер азаймай отыр.
Іс-шара басталғалы аудан көлемінде өзендердің бойында заңсыз балық аулау жайттары анықталған. Оның ішінде заңмен тыйым салынатын балық аулау құралдарын (қармақ) қолданумен 5 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.
Аталған жайттарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігі «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу» бойынша тиісті шаралар көріліп, айыппұл салынды.
Тәртіп сақшылары тұрғындарға балық ресурстары мен жануарларды заңсыз аулау, жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді жұлудың соңы заңмен жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика