• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

«УЫЛДЫРЫҚ» ІС-ШАРАСЫ КЕЗІНДЕ ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ (-1-)

Автор:admin

Май 16, 2024
Spread the love

Уылдырық шашатын маусымдағы браконьерліктің жолын кесу мақсатында, Созақ ауданында 5 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Уылдырық» жедел-профилактикалык іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара балық және балық өнімдерін заңсыз аулау, тасымалдау, сатып алу немесе өткізуге қатысты экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.
Уылдырық шашу – балықтардың жетілген уылдырықтары мен ұрықтарын шашып, ұрықтандыруы. Көптеген балық түрлерінің ұрықтану сыртқы ортада, ұрғашыларының денелерінен аулақ, суда, шабақтарынын өсіп-жетілуіне қолайлы, белгілі бір жерде өтеді. Балықтардын көптеген түрлері уылдырық шашу үшін өзенмен бірнеше мың шақырым жерге көтеріледі.
Тіршілік атаулының қайта түлеп, жаңаша кейіпке енетін көктем мезгілі шаруаға да қолайлы кезең. Әсіресе көктемгі егіс даласында жұмыс жанданып, қарбалас қыза түседі. Сонымен қатар табиғаттың тірі байлығын қорғаудың да маңыздылығы арта түсетіні шын. Әсіресе су айдындарында балық аулаушылардың қара көбейтетіні де осы уақыт. Біреу балықты бас пайдасы үшін ауласа, енді бірі әуесқойлықпен суға қармақ салады. Дей тұрғанмен, заңсыз балық аулаудың зардабы көп екенін екінің бірі ескере бермейді.
ҚР Конституциясының 38-бабына сәйкес, әр азамат табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті делінген. Сонымен қатар табиғаттың тірі байлығын қорғаудың да маңыздылығы арта түсетіні шын. Біреу балықты бас пайдасы үшін ауласа, енді бірі әуесқойлықпен суға қармақ салады. Дей тұрғанмен, заңсыз балық аулаудың зардабы көп екенін екінің бірі ескере бермейді. Дегенмен де табиғат байлығына қиянат жасаушылар да азаймай отыр. Тіпті заңсыз балық аулау деректері жыл өткен сайын арта түсуде…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика