• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«Учаске» іс-шарасы кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы профилактикалық шаралар атқарылуда

Автор:admin

Авг 18, 2023
Spread the love

Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық,оның ішінде, әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылық мәселесiн зерттеу мақсатында «Қолайсыз отбасы» тізіміндегі отбасылар мен қорғау нұсқамасына алынған азаматшалардың тұрмыстық хал-ахуалдарын бақылау жұмыстары жүргізілуде.
Профилактикалық шарада есепке алынған 12 отбасының үй-жайлары тексеріліп, ерекше талап қойылған 4 азаматқа ескерту жасалды.
Естеріңізге салсақ, жыл басынан бері Ордабасы ауданы бойынша 166 азаматшаға қорғау нұсқамасы шығарылып, 24 азаматқа ерекше талап қойылған.
Жеке профилактикасы шараларға тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектісі жәбірлеуші адаммен профилактикалық әңгімелесуді жүргізу жатады. Әңгімелесудің негізгі қызметі тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаудың себептері мен жағдайларын анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарын түсіндіру және заңға мойынсынушылықтың қажеттігіне сендіру.
Ішкі істер органы жергілікті полиция қызметінің басшысы немесе орынбасары, учаскелік полиция инспектор немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор он алты жасқа толған, есі дұрыс адамға қатысты қорғау нұсқамасын шығарады. Нұсқама жәбірленушіге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, оны іздестіруден, оның ізіне түсуден, оған ауызша, телефон арқылы сөйлесуден және өзге де тәсілдермен байланыс жасалудан қорғаныс береді. Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасайды.
Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі отыз тәулікті құрайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушыға берілетін келесі жаза – әкішілік ұстау.
Әкімшілік ұстау – тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, бас бостандығынан айыру. Ал мәжбүрлі амбулаториялық бақылау мен психиатрда емделу, интенсивті бақылайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлі шараларды Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес сот тағайындайды.
Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілену мүмкі. Ол дегеніміз – Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 22 бабына сәйкес әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасы болып табылады және ол әкімшілік жаза қолданумен қатар және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам әкімшілік жауаптылықтан босатылған кезде оның орнына да қолданылады.
Әкімшілік шара – Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73 бабына сәйкес ескерту жасау не үш тәулiктен он тәулікке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалса он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алу немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуды көздейді.
Ата-ана құқықтарын шектеу немесе айыруға келсек, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сай, егер ата-аналар ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтарса, оның iшiнде алимент төлеуден қасақана жалтарса, өздерiнiң ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса, балаға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде оған күш қолданса немесе психикасына зорлық жасаса, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасаса, спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарына салынса, психотроптық заттарды және (немесе) осыларға ұқсас заттарды теріс пайдаланса, олар ата-ана құқықтарынан айрылады (75-бап). Егер баланың ата-аналарымен қалуы ата-аналарға байланысты емес мән-жайлар бойынша, ата-аналардың мінез-құлқының салдарынан, бірақ бұл ретте ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмай, ол үшін қауіпті болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі.
Қылмыстық процесте іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын және жәбірленушілердің қауіпсіздік шараларын қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және жәбірленушінің, куәнің және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын және қылмыстық процесті жүргізетін органдар қолданады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика