• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЕСЕП БЕРДІ

Автор:admin

Май 30, 2024
Spread the love

Түркістан облысы Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инпекторлары Жетісай қаласы аумағында қала тұрғындары, кәсіпкерлер, ауыл билері мен ақсақалдарына есеп беру кездесуін өткізді.
Шара барысында аға учаскелік полиция инспекторы Бахытбек Алекенов 2024 жылдың 5-айында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Сонымен қатар Жетісай аудандық полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы Еркен Мыржабаев сөз алып, кәсіпкерлерге қылмыстардың алдын алу мақсатында, сауда орындарын дабыл нүктесімен және объектінің іші-сыртын толықтай бақылай алатындай етіп, түсіру қабілеті жоғары заманауи бейнекамералармен, ғимараттарының есік-терезелерін темір тормен қаптауды ұсынды.
Сонымен қатар полицейлер түнгі мезгілде қызмет атқаратын тойхана, дәмхана, мейрамхана, ойынхана егелеріне жұмыс уақытын сағат 23:00-ге дейін шектеу туралы ұсыныстарын білдірді. Әр тұрғын өз ұл-қыздарына қатаң бақылау жасап, үй жануарларына еге болуға шақырды.
Баланың қауіпсіздігі – ата-ана мен бала асыраушысы мойнына артылған ең маңызды міндет. Қазіргі заманда бала өміріне қауіп еңбектеген жасында үлкендердің қарауынсыз қалуының салдарынан төнсе, өсе келе қалыптасқан ортасының кері әсерінен, тіптен виртуалды өмірден төнуі де мүмкін.
Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды. Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Сол себепті ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика