Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен төтенше жағдайдың алдын алу бойынша жиын өтті.
Жиналыста қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік Төлегенов атқарылып жатқан жұмыстар барысы жайында баяндады.
«2023 жылы жергілікті атқарушы органдармен профилактикалық іс-шаралар шеңберінде алдын алу шараларын қамтамасыз ету мақсатында 10 адамнан тұратын 2 мобильді топ құрылып, дала алқаптары мен демалыс орындарында 17 бірлескен рейдтер ұйымдастырылған.
Дала алқаптарында құрғақ орылған шөптің бақылаусыз жануы және басқа да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін бөлім қызметкерлерімен 12 азамат әкімшілік жауапкершілік тартылды.
Биыл өрт қауіпті маусымда дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша мобильді топ құрамы, штаб құрамы, жоспар, хабарландыру сызбасы, жұмылдырылатын күш пен құралдар әзірленіп бекітілген.
Аталған жоспардағы іс-шаралардың орындалуын әр жауапты мекеме басшылары бақылауға алуы қажет», деді бөлім басшысы.
Сонымен қатар, өрттың алдын алу бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастырылып, орын алған кемшіліктерге түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін, Түркістан облысында күннің жылуы жоғары болатындықтан өңірде шомылуға тиым салынған аймақтарға барып шомылуын балалар тоқтатпай отырғанын атап өтті.
Қала басшысы баяндама барысында көтерілген мәселелерді назарға алып, тиісті сала басшыларына жұмыс жүргізуды тапсырды. Тұрғындар арасында өрттің алдын алу мен шомылу маусымында балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі бойынша түсіндірме жұмысты кұшейтуді, кез-келген төтенше жағдайға жауапты бөлім мен ауыл әкімдеріне дайындықты қатаң пысықтауды ескертті.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі