Төлеби ауданында үш күн ішінде түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде заңды өкілінсіз жүрген 25 жасөспірім анықталды.
Ағымдағы жылдың 17-19 шілде аралығында Төлеби ауданы көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Шараның мақсаты – кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау, қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу және жасөспірімдердің құқықтарының бұзылмауын қадағалау.
Рейд барысында компьютерлік ойын — сауық орындары, парктер, спорт алаңдары қамтылды.
Рейд жұмыстары кезінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі мезгілде қоғамдық орындар мен көшелерде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз шектеулі уақытта жүруге тыйым салынғаны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Рейдтік жұмыс кезінде компьютерлік ойын — сауық орындарында уақыт өткізетіндігі анықталды.
Сондай ақ, сағат 23:00 ден кейін туған күн кешінен қайтып бара жатқан жолдан жұмысшы топ балаларды білім ордасына жеткізді. Балалардың ата — аналары шақыртылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түнгі рейд шарасына аудан әкімінің орынбасары, аудан прокурорының көмекшісі, аудандық білім бөлімі басшысылығынан, жергілікті полиция бөлімінің басшылығы, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры бастаған құқық қорғау және білім саласының қызметкерлері қатысты.
Рейд жұмыстары бүгін өз жалғасын табады.