Түркістан облысының Төлеби аудандық полиция бөлімі құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша роейдтік шара жүргізілді, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Ауданда жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың үйден себепсіз басқа қалаларға кетіп қалу әрекеттерінің, түнгі уақытта ата-ананың рұқсатынсыз үй-жайдан тыс жүрген жасөспірімдерді анықтау мақсатында Төлеби аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобы инспекторлары «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен бірлесе күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарын ұйымдастырды. Нәтижесі бойынша таң атысымен үйінен шығып, шынайы емес себептермен саябақтарда жүрген 3 жасөспірім анықталып, ата-аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әрі қарай түнгі уақытта жалғастырылған рейд бойынша 12 жасөспірім аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Рейд барысында компьютерлік ойын — сауық орындары, парктер, спорт алаңдары қамтылды.
Рейд жұмыстары кезінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі мезгілде қоғамдық орындар мен көшелерде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз шектеулі уақытта жүруге тыйым салынғаны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Рейдтік жұмыс кезінде компьютерлік ойын — сауық орындарында уақыт өткізетіндігі анықталды.
Сондай ақ, сағат 23:00 ден кейін туған күн кешінен қайтып бара жатқан жолдан жұмысшы топ балаларды білім ордасына жеткізді. Балалардың ата — аналары шақыртылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түнгі рейд шарасына аудан әкімінің орынбасары, аудан прокурорының көмекшісі, аудандық білім бөлімі басшысылығынан, жергілікті полиция бөлімінің басшылығы, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры бастаған құқық қорғау және білім саласының қызметкерлері қатысты.
Рейд жұмыстары бүгін өз жалғасын табады.
Рейд барысында Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруге тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.
Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлар және құқық бұзушылық орын алмас үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Құрметті аудан тұрғындары, жаңа оқу жылы қарсаңында рейдтік шаралар күшейтілген түрде жүргізілетіні туралы ақпараттандырамыз!!!