• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТӨЛЕБИ: «Жолда қабылдау» акциясы басталды

Автор:admin

Июл 15, 2023
Spread the love

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлды төлеу тәртібі, көлік құралдарын тіркеу, есептен шығару, жаңадан мемлекеттік нөмір алу, жүргізушілік куәліктерін алу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, қаруды алу мен сақтауға рұқсат алу, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сауалдардың жиі қойылатыны ескеріліп, үстіміздегі жылдың 14 шілдеде «Жолда қабылдау» акциясы басталды.
Аудан тұрғындарымен кездесуде аудандық Полиция бөлімінің бастығы, оның орынбасарлары, Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі, Әкімшілік полиция бөлімшесі жол-техникалық инспекция бөлімшесі және де көші — қон қызметі тобының қызметкерлері арнайы орындарда халықты жеке қабылдайды.
Акция барасында халыққа ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ, онлайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріледі.
Төлеби АПБ-нің басшылығы мен қызметкерлері азаматтарды қабылдау бөлмесінде аудан халқын мазалаған сұрақтары бойынша қабылдайды.
Төлеби АПБ ӘПБ бастығы полиция майоры А.Наштай тұрғындарды қабылдап, арыз-шағымдары мен өтініш-тілектерін тыңдап, құқықтық кеңес берді.
Акция 14-15 шілде күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін өткізіледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика